Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жылу беру мекемесінде люктер неге жиі ұрланады?

0 855

Кеше «Таразтрансэнерго» мекемесі БАҚ өкілдеріне 2021-2022 жылдары атқарған жұмысы мен мекеме тынысын таныстырды. Жылу қазандығының басшысы Әбутәліп Әбіловтің айтуынша, есепті кезеңде атқарылған жұмыс аз емес екен.

– «Таразтрансэнерго» кәсіпорны 2004 жылы «Таразэнергоорталықтың» тұтынушыларына жылу энергиясын бөлу және тасымалдау мақсатында құрылған. 2020 жылдың басында «Теміржол-жылу» МКК-мен біріккеннен кейін кәсіпорын теңгеріміне 7 жергілікті қазандық қабылданды.
«Таразтрансэнерго» кәсіпорны 208 шақырым жылу желісіне қызмет көрсетеді. Оның ішінде 49 шақырым магистральдық және 159 шақырым ішкі кварталдық.Тұтынушылардың жалпы саны – 1329. Заңды тұлғалар 262 және көпқабатты тұрғын үйлер – 1065.
2021-2022 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарына 67,1 миллион теңге бөлінді. Оның ішінде кәсіпорынның теңгеріміндегі 7 қазандыққа 2,1 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Газовая» қазандығында күрделі жұмыс- тар жүргізіліп, істен шыққан ДКВР бу қазаны мен қосалқы жабдықтары демонтаждалып, оның орнына ОК-3000 маркалы 2 дана су ысытқыш қазандары орнатылды. Сонымен бірге су айдағыш насостарын орнатып, жаңа схемасы жиналып, жасақталды. Қазандық учаскесі бойынша Байзақ батыр көшесі №176, 168, Сағындықов көшесі №4 «А» және №6 мекенжайындағы жалпы 221 метр жылу желісі ауыстырылды. «Газовая», «Уездная», «Спирт зауыты» қазандықтарына және үйлердің жертөлесінде орналасқан су айдау насостарының 15 данасы ауыстырылды.
Кәсіпорынның диспетчерлік қызметіне жылыту маусымы басталғаннан бері тұтынушылардан 1165 өтініш келіп түсті. Түскен өтініштерге байланыс- ты мекеме тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды.
Алайда атап өту қажет, «Таразтрансэнерго» МКК тарифінде үйдің ішіндегі жылыту жүйелерін және ыстық суды ұстау бойынша шығындар қарастырылмаған. Өйткені қызмет көрсету шекаралары бар. Сондықтан тасымалдау- шыда үйде қызмет көрсетудің қаржылық мүмкіндігі жоқ, – дейді мекеме басшысы.
Ал «Таразтрансэнерго» өндірістік техника бөлімінің басшысы Рауан Байдалиев люктар мәселесіне тоқталып өтті. Оның айтуынша, қазір түсіп кеткен, сынған, ұрланған люктарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Жоспар бойынша 100-ге жуық люк орнату көзделіпті. Оның бүгінде 60-70 пайызы орнатылған.

Әсем САНСЫЗБАЕВА,
Тараз өңірлік университеті «журналистика» мамандығының 4-курс студенті

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.