Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жыл басынан бері 1 472 тараздық COVID жұқтырған

0 444

Бүгін қала әкімі Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.
Басқосу барысында қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және екпе егу жұмыстары талқыланды.
Қазіргі таңда қала «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты, санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Статистикаға сүйенсек, жыл басынан Тараз қаласы бойынша COVID-19 індетін 1472 адам жұқтырған. Оның ішінде пневмонияның 9 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда 115 азамат инфекциялық стационарларда ем қабылдаса, 80 науқас сауығып шықты.
Бүгінгі күні қала бойынша 259 793 адам екпе алған. Сонымен қатар, ревакцинация бойынша 69 137 адамнан 22 401-і вакциналанды. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 14 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр.
Қаладағы эпидахуал бойынша, бүгіннен бастап 600 балаға дейін оқушысы бар 9 (№4, 20, 22, 25, 37, 52, 57, 58, 60) мектеп штаттық режимде жұмыс істейді. Қалған 600-ден астам оқушысы бар 50 мектепте 1-4 сынып оқушылары толымдық жобалық қуаттың 50%-ынан аспау принципін сақтай отырып, офлайн форматында оқытылады. Ал, 5-11 сынып оқушылары онлайн форматында білім алуды жалғастырады. Сондай-ақ, балабақшаларға тәрбиеленушілер ата-аналарының өтініші бойынша қабылданады.
Жиынды қорытындылаған Ержан Жұматұлы жауаптыларға шектеу шараларының сақталуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Қала әкімі сан-сала жоспары жылдағыдан ерекше, нақты нәтижелі жұмыстарға бағытталу керектігін ескертті.
Жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстардың құжаттары ертерек конкурсқа шығару, мониторингтік топтардың жұмысын қайта жандандыру керектігін баса айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.