Қалалық қоғамдық-саяси газет

Таразда түнгі клубтар қызметіне тыйым салынды

0 839

Карантиндік шектеу шаралары басталғаннан бері мобильдік топ тарапынан 636 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 126,9 млн. теңге сомасында айыппұл салынды. Оның ішінде 2021 жылы 448 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған.
2022 жылы 17 бизнес объектілерде мониторинг жұмыстары жүргізіліп, карантиндік режим талаптары сақталмағандықтан 6 нысанға акт толтырылды.
Тараз қаласы бойынша жеке кәсіпкерлер «Ashyq» бағдарламасына қосылуда. Бүгінде аталған қосымшаның QR-кодын алған 1800 нысан жұмыс істеуде.
Айта кетейік, бүгінде тамақтану орталығында анықталған ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 43 адам үй карантиніне оқшауланды.
Қазіргі таңда қала «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты, облыстың бас санитар дәрігері жаңа қаулыға қол қойды. Ол бойынша бұқаралық іс-шараларды ашық ауада да, үй ішінде де өткізуге, концерт залының, филармонияның, театрдың қызметіне, діни бірлестіктер объектілерінде ұжымдық іс-шаралар өткізуге, түнгі клубтар қызметіне тыйым салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.