Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жуалы өнерпаздары жан жадыратты

0 353

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Туған жерім – дархан далам» атты Жуалы ауданының Тараз қаласындағы күні «Баласағұн» орталық концерт залында жалғасты. Нысанның алдына аудандағы этнобірлестік өкілдерінің көрмелері, ұлттық тағамдары, Жуалыдан шыққан ұлы тұлғалардың кітап макеттері, қолөнер шеберлері мен суретшілердің туындылары орналастырылып, шараның шырайын ашты. Әжелер ансамблі де көпшілікті өнерімен тәнті етті. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, қала әкімі Ержан Жылқыбаев бастаған азаматтар шараға арнайы қатысып, жұртшылықпен бірге мәдени-көпшілік бағдарламаны тамашалады.
Кеш барысында жуалылық өнерпаздар ән мен биден шашу шашып, ерекше әсер сыйлады.
Шара соңында өнерпаздарға аймақ басшысының ықылас гүлі табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.