Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүйелі жүзеге асырылуда

0 405

Жамбыл ауданында Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» жобасы» жүйелі жүзеге асырылуда.
2019-2020 жылдары жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Екі жылдың ішінде 6 елді мекенде 1.3 млрд теңгені құрайтын 45 жоба іске асты. Атап айтсақ, Аса ауылында еңселі спорт кешенінің құрылысы аяқталып, онда қазақша күрес, дзюдо, самбо, бокс, волейбол, баскетбол, футбол, дене жаттығуы сынды спорттың 8 түрінен 350-ге жуық жасөспірім жаттығуда. Сондай-ақ нысан 36 адамды жұмыспен қамтып отыр
Сонымен қатар аудан орталығында ескі кинотеатр ғимараты жаңғыртылып, өнер мектебі ретінде қолданысқа берілді.
Қазіргі таңда аталған нысанда 102 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 1462 оқушы үйірменің 11 түрінен тәлім алуда. Олардың қатарында домбыра, фортепина, гитара, баян, қобыз, қыл қобыз, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән жыр, би өнері, сурет және сәндік өнер, актерлік шеберлік секілді өнер түрлері бар.
Бұдан бөлек Аса ауылындағы ескі жатахана ғимараты да жаңа кейіпке еніп, кәсіптік қосымша білім беру орталығы ретінде есігін айқара ашты. Нәтижесінде 1 400 жуық оқушы 20 үйірме бойынша қосымша білім алуына мүмкіндік беріліп, жаңа 40 жаңа жұмыс орны ашылды.
Қаракемер ауылындағы мәдени ошағы жоқ елді мекенде жоба аясында 90 орындық жаңа клуб бой көтеріп, 5 адам жұмыс орнымен қамтылды.
– Сонымен қатар жоба шеңберінде Аса ауылынан жаңадан берілген тұрғын алқаптарының 70 ауласына ауыз су тартылып, осындағы Б.Момышұлының бастауыш мектебі, «Сәуле» бала бақшасы мен Орталық стадион жөндеуден өткізілді.
Аудан орталығының 8 ауылішілік көшесінің 680 ауласына жарықтандыру орнатылды. Сондай-ақ, Аса, Бірлесу-Еңбек, Құмтиын, Еңбек, Рахат ауылдарының 29 ауыл ішілік көшелері жөндеуден өткізілді.
Жалпы екі жылда ауданда жоба аясында жаңа 183 жұмыс орыны ашылды.
Ал, ағымдағы жылы 10 елді мекенде 883,5 млн. теңгені құрайтын 16 жоба асырылуда.
Атап айтқанда, Өрнек ауылындағы 140 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Мәдени нысан қолданысқа берілген соң 5 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
4 мектепке жалпы сомасы 355.8 млн теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар Гродиково ауылындағы Ақжол көшесіне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Қазіргі таңда 5 елді мекеннің 10 көшесі 12,4 шақырым жолы орташа жөндеуден өткізілуде.
Тағы бір айта кетерлігі Өрнек, Ерназар, Жалпақтөбе, Тоғызтарау ауылдарының 8 ауылішілік көшелерінің жұмысы аяқталды.Ал, Пригородный ауылындағы Пірімқұлов көшесі мен Ерназар ауылындағы Ақшуақ көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде.
Биыл осы жоба шеңберінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 57 адам жұмысқа тартылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.