Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жоспарлы жұмыс жіті бақылауда

0 265

Күні кеше Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен аппараттық кеңес өтті.

Жиында қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық пен бейберекет қоқыс алаңдары мен құрылыс қалдықтарын жою жөніндегі айлық жұмыстар, қала тұрғындарын сумен қамту, жол жөндеу жұмыстары және кіші футбол алаңшаларының жай-күйі, қаладағы құрылыс жұмыстары және кіші индустриялық аймақтың жұмысы туралы мәселелер қозғалды.
Әуелі қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалау жөніндегі көктемгі екі айлық жөнінде сөз алған қала әкімінің орынбасары Нұрбол Қалдыбаев екі айлық мезгілінде жоспарланған 12 шақырым арық жүйесінің барлығы тазаланғанын, шамамен 2 797 тонна күл-қоқыс қала аумағынан тыс жерге шығарылғанын айтты. Сондай-ақ қоқыс алаңдары мен құрылыс қалдықтарын жою жөніндегі екі айлықта 387 кемшілік анықталып, оның ішінде 366 тұрғынға ескерту беріліп, 21 тұрғынға айыппұл салынғанын жеткізді.
Сонымен қатар жиында баяндама жасаған қала әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Оксана Борисюк бүгінде Тараз қаласында 92 заманауи спорт алаңы жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Оның 61-і мемлекеттік, 25-і жекеменшік, 3-і кондоминиум, 3-і иесіз екен. Сондай-ақ 20 білім беру мекемелерінде, оның ішінде орта мектептерде 14 бірлік бар. Ал 92 заманауи спорт алаңының 83-і кіші футбол, 1-і волейбол, 4-і баскетбол, 3-і әмбебап және 1-і үлкен теннис үшін арналған.
Бұған қоса аппараттық кеңесте қала әкімдігі тұрғын жай-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдос Кеңесбеков, құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Даурен Садуақасов және қала әкімінің кеңесшісі Нұржан Нұралиев баяндама жасады.
Шаһар басшысы аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Құрмаш Қаптағай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.