Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдау жүктеген міндеттер түсіндірілді

0 2  342

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауы шыққалы оны халық арасында насихаттау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Әр өңірде арнайы ақпараттық-түсіндіру топтары құрылып, Жолдауды түсіндіру жұмыстары жалғасуда,-деп хабаралайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 10-ы қараша күні Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі»  атты  халыққа  Жолдауын түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық топ мүшесі Жангелді Омаровтың және аудан әкімі аппаратының басшысы  Жеңіс Әділовтың қатысуымен Жолдауды насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жолдауынан туған міндеттер мен тапсырмаларды талқылады.

Жиын Жамбыл облысы дін басқармасы басшысы Ж.Омаров, Жамбыл облысы дін басқармасының Діни экстремизмге қарсы насихат бөлімінің басшысы Н.Қуанышев,  мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бұл Жолдау тәуелсіз елдің берік діңгегі мен біртұтастығын сақтауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін жан-жақты шешіп, нақты міндеттерді орындауда маңызды құрал болмақ. Жолдау мемлекетіміздегі әлеуметтік ахуалды жақсарту жөніндегі іс-қимылдардың нақты жоспарына айналатыны сөзсіз.

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.