Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцинация – індеттен айықтыру жолы

0 140

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен Жамбыл облысында 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer вакцинасымен коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау жүргізу бойынша дайындық жұмыстары басталды,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Осы орайда, ағымдағы жылдың қараша айының 10-ы күні Т.Рысқұлов аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының бас эпидемиологы Мирзабекова Гульфайра Құралбекқызы және Жамбыл облысының  санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Сапарбаева Нұргүл Серғазиевнаның қатысуымен медицина саласының мамандары, білім ошағының басшылары мен оқытушылары, ата-аналары, антиваксерлер арасында 12-17 жас аралығындағы жеткіншектерді вакцинациялау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, талқылап, жиын өтті. Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындардың, ата-аналар мен ұстаздардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.

Айта кететіні, жасөспірімдерді, оқушылар мен студенттерді иммундау шараларын оқу орындарының медициналық пункттері, яғни аумақтық емханалар дәрігерлерінің көшпелі бригадасы жүргізетін болады.

Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты ауданда барлық тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі күнде ересектер арасындағы тұрғындарға коронавирусқа қарсы вакцинация жасау арқылы аурушаңдық бәсеңдеген. Бұл медицина саласы қызметкерлерінің жемісі.

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.