Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолдар тақтайдай тегіс болады

0 328

Биыл Жамбыл облысында 557,4 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ерболат Ибрайхановтың төрағалығымен өткен алқа мәжілісінде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Мұрат Саурықов айтты.

Басқосуда әуелі сала мамандары атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасап, 2023 жылы іске асатын жобаларға кеңінен тоқталды.
Өткен жылы жергілікті маңызы бар автожолдар мен елді мекен көшелерінің жағдайын жақсарту мақсатында 9,4 шақырым жол қайта жаңғыртудан, 605,2 шақырым жол орта жөндеуден өткен. Жалпы өңірде 2022 жылы жол жөндеу бойынша 252 жоба іске асырылған.
Жыл қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 97 пайызды, елді мекен көшелері бойынша бұл көрсеткіш 82 пайызды құраған.
Биыл жол саласына 11,8 миллиард теңге қарас- тырылып отыр десек, 557,4 шақырым жолды орта жөндеумен қамту жоспарланыпты. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автожолдардың үлесі 98 пайыз, елді мекен көшелері бойынша 85 пайызға жеткізу көзделуде.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды қатаң бақылауға алып, орындалуын қамтамасыз ету үшін жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктеді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.