Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жол бойында абай бол!

0 459

Көліктегі полиция департаменті Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен қызмет көрсету аумағында қоғамдық тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, сонымен қатар темір жолда адамдардың жарақат алуының алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізілуде.

2020 жылдың өткен мерзімінде темір жолдан белгіленбеген жерден өткені үшін 255 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 5 бөлігімен және темір жол жолағында мал жайғаны үшін 23 тұлға 559-бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан азаматтар темір жол көлігі нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін елеп-ескермей, бұзып жатқан деректер де көп кездеседі. Өкінішке орай, кей жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың нәтижесінде арты оқыс оқиға немесе ауыр жарақат алуға әкеп соқтырады. Осыған орай, ағымдағы жылғы 29 маусым күні Тараз ст. ЖПб қызметкерлері Жамбыл локомотив пайдалану депосы, Жамбыл жол дистанциясы мекемелерінің және жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен бірлесіп профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық жұмыстың негізгі мақсаты – темір жол жарақаттарын алу, жолаушылар пойыздарының терезелерін сындыру, темір жолға бөгде заттарды қою, темір жолдан белгіленбеген жерден өту және темір жол жолағында мал жаю деректерінің алдын алу.

Түсіндіру жұмысы Тараз станциясы ғимаратының маңындағы темір жол арқылы өтетін жаяу жүргіншілер өткелдері арқылы өтіп жатқан азаматтармен және «Тараз-Талас» станциялары аралығына жақын орналасқан елді мекендердің тұрғындарымен жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

Лаура Көпбаева,
Тараз ст. Желілік полиция бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.