Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жиенбековтің құдасы қамалды

0 267

Қырғызстанның экс-президенті Сауранбай Жиенбековтің құдасы, бұрынғы депутат Әлиярбек Әбжалиев қамалды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені белгілі болды. ҰҚК бұрынғы депутаттың ұсталғанын растады. Алайда күдіктінің аты тергеу құпия өткізіліп жатқанына байланысты айтылмады.

«Кәсіпкер ҰҚКҰ-ға Ә.Ә. Парламент депутаты болған кезде жасаған алаяқтық әрекеттерінің нәтижесінде 2 миллион доллар көлемінде залал келтірді деген шағыммен жүгінді. Қырғызстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің «Алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды. Сот оған тергеу кезеңінде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – деді ведомство өкілі.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.