Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

0 277

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Тараз қаласы                                                                №3984                                                          11 қазан 2023 ж.

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84, 85, 86-баптарын, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33, 37-баптарын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 6-тарауын басшылыққа ала отырып, «Жамбыл облысы Тараз қаласының Бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №104 қаулысы, «Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 21 тамыздағы №03-860 және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №2065 хаттары негізінде Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тараз қаласы, «Жайлау» шағынауданы, №24 көппәтерлі тұрғын үйдің маңынан скейт-парк құрылысын жүргізу үшін төмендегі жер учаскелерімен өзге де жылжымайтын мүліктеріне мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жұмыстары басталсын:
1) Әнел Қазыбекқызы Әбітай, Нұрсана Дарханқызы Тлеухан, Шерхан Дарханұлы Тлеухан, Исламхан Дарханұлы Тлеуханның жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, «Жайлау» шағынауданы, №24 «Б» жайдағы көгалдандыру үшін, көлемі 0,3280 га (кадастрлық нөмірі 06-097-010-766) жер учаскесі;
2) Әнел Қазыбекқызы Әбітай, Нұрсана Дарханқызы Тлеухан, Шерхан Дарханұлы Тлеухан, Исламхан Дарханұлы Тлеуханның жалпы ортақ үлестік меншік құқығындағы Тараз қаласы, «Жайлау» шағынауданы, №24 «В» жайдағы үй-жайларға (құрылыстар мен ғимараттарға) қызмет көрсету үшін, көлемі 0,7000 га (кадастрлық нөмірі 06-097-010-765) жер учаскесі.
2. Мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың келісім рәсімдерін жүзеге асыру меншік иелерімен жер пайдаланушылар жүгінетін орны «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Тараз қаласы, М.Жүнісәлиев көшесі, №1, байланыс телефоны: 43-54-77 деп көрсетілсін.
3. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) меншік иесіне өзге жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті беру немесе мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылатын жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын өтеу бойынша іс-шараларын ұйымдастыру тапсырылсын.
4. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Т.Айменов) және «Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (Ғ.Алтаев) меншік иесіне жер учаскесі мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығарылуына байланысты жылжымайтын мүлік пен жер учаскесін сатып алу бойынша келісімшарттағы көрсетілген қаражатты уақытылы аударуы тапсырылсын.
5. Сатып алынған жер учаскесі мен жылжымайтын мүліктер мемлекет меншігіне қабылданып, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілсін. Қабылдау актісімен алынған жылжымайтын мүліктерге заңнама аясында бұзу және бөлшектеу жұмыстары жүргізілсін.
6. Мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару күні қаулының ресми жариялану күнінен үш айдан кейін 2025 жылдың 11 қазанына дейін деп айқындалсын.
7. «Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдауын қамтамасыз етсін.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз қаласы әкімінің орынбасары Н.Қалдыбаевқа жүктелсін.

Қала әкімі Б.Орынбеков

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.