Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жер учаскелері мемлекет мұқтажына қайтарылуда

0 268

Тараз қаласында жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер алу кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскесін беру мақсатында бірқатар тұрғын алқаптан мемлекет мұқтажына жер учаскелерін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Айталық, Тараз қаласы аумағына енген «Элеватор (А.Асқаров көшесінің соңы), 312 га», «Қарасай, 126,6 га», «Хамукат, 126 га» алқаптарында тұрғын алқабын орналастыру мақсатында 17 шаруа қожалығын жүргізу үшін арналған жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару үшін Тараз қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы» №1036 қаулысы қабылданған. А.Асқаров көшесінің соңында көлемі 19,8 га болатын 9 жер учаскесі, «Қарасай» алқабында 19,6 га болатын 4 жер учаскесі, «Хамукат» алқабында 9,9 га болатын 3 жеке және көлемі 80,1 га 1 мемлекеттік жер пайдаланушы бар.
2023 жылға жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен қайтару жұмыстарына бюджет қаражаты есебінен 41,57 га құрайтын 7 жер учаскесі 190,3 млн теңгеге («Элеватор-3» жер телімі 82,6 млн тг, «Қарасай-2» жер телімі 20,7 млн тг, «Казарма-2» жер телімі 87 млн тг) қайтарылды. Сонымен қатар А.Асқаров көшесінде орналасқан көлемі 0,74 га 1 жер теліміне 9,1 млн теңге қаражат 2022 жылғы сот шешімі негізінде 2023 жылы төленді.
2024 жылы А.Асқаров көшесінің соңында көлемі 3,7 га 6 жер учаскесі, «Қарасай» алқабында 15,1 га 2 жер учаскесі, «Хамукат» алқабында 9,9 га 3 жеке және көлемі 80,1 га 1 мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
А.Асқаров көшесінің соңындағы 9 жер телімінің 8-іне тәуелсіз бағалаушы «Asia Consalting» ЖШС қайта бағалау жұмыстарын жүргізіп, бағалау туралы есебіне сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары жолданды. Жер пайдаланушылардан келісім алынбауына байланысты құжаттары сотқа жолданды. Көлемі 0,13 га 1 жер телімі бойынша құжаттары толық емес болуына байланысты бағалау жұмыстары толық аяқталған жоқ.
2023 жылы көлемі 16,07 га 3 жер телімі (көлемі 11,07 га 2 жер телімі 60,1 млн теңгеге сот шешімімен, көлемі 5 га 1 жер телімі 22,5 млн теңгеге келісім негізінде) 82,6 млн теңгеге мемлекетке қайтарылды. Көлемі 0,585 га 1 жер теліміне қатысты 3,2 млн теңгеге сот шешімі шығып, мемлекеттік сот орындаушысына сот шешімін орындау үшін атқару парағы жолданды. Көлемі 0,07 га 1 жер теліміне қатысты 408 мың теңгеге сот шешімі шығып, меншік иесі құжаттарды ұсынғаннан кейін қаражат аударылып, жер учаскесі мемлекетке қайтарылады. Қалған 3 жер телімін (2,9 га) мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.
«Қарасай» алқабындағы 4 жер теліміне қайта бағалау жұмыстары жүргізіліп, бағалау туралы есебіне сәйкес меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары жолданды.
2023 жылы көлемі 4,5 га 2 жер пайдаланушы келісімі негізінде 20,7 млн теңге қаражат аударылып, жер учаскелері мемлекетке қайтарылды. Көлемі 15,1 га 2 жер телімі «Қарасай» алқабының жаңартылған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша орта және көпқабатты тұрғын үй, балабақша, сауда-ойын-сауық кешені, көпярусты автотұрақ ғимараттарының құрылыстары қарастырылған.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабына сәйкес, жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға, мемлекет мұқтажын қанағаттандыру үшін қаншалықты қажет болса, сондай көлемде ғана жол беріледі. Коммерциялық мақсаттарды көздейтін кез келген иеліктен шығару жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару болып танылмауға тиіс.
Осыған орай, Тараз қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі мен Тараз қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөліміне мемлекеттік бюджеттен тұрғын үйлер құрылысын жүргізу үшін қажет жер учаскесінің аумағын белгілеп, көлемін анықтау туралы хат 2024 жылдың 7 ақпанында жолданды. Қажет жер учаскесінің көлемі анықталғаннан кейін, меншік иесінен жер учаскелерін мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіледі.
«Хамукат» алқабында 3 жер телімдеріне (9,9 га) тәуелсіз бағалаушы «Asia Consalting» ЖШС қайта бағалау жұмыстарын жүргізіп, бағалау туралы есебіне сәйкес, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ұсыныс пен келісімшарт жобалары жолданды. Меншік иелерінен келісім алынбауына байланысты құжаттары сотқа жолданды.
Көлемі 4,0 га 1 жер теліміне қатысты 36,3 млн теңгеге (сот сараптамасы қорытындысымен) сот шешімі негізінде өтемақы аударылып, жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Ал 2 жер телімі бойынша іс сотта қарастырылуда. Сонымен қатар мемлекеттік жер пайдаланушыдан жер учаскесін мемлекетке қайтару бойынша келіссөздер облыстық деңгейде жүргізілуде.
Жер учаскелері бойынша мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару бойынша барлық тиісті жұмыстар жүріп жатыр.

Темірхан АЙМЕНОВ,
Тараз қаласы әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.