Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жекеменшік бастауыш мектеп есігін айқара ашты

0 420

Егемендік жылдарында білім саласында көптеген ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өңірлерде еңселі оқу ордалары бой көтеріп, білім сапасын арттыру мақсатында ілкімді істер қолға алынуда. Әрине, мұның барлығы салаға серпін беріп, дамуға жетелейтіні анық. Облысымызда да бұл бағытта ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер баршылық. Күні кеше «Ұлы дала» ықшамауданында жекеменшік «ABAY» бастауыш мектеп-гимназиясының пайдалануға берілуі – соның жарқын дәлелі.

Жаңа білім ордасының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбеков және Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов, мектеп педагогтары мен ата-аналар қатысты.
Мың бұралған бишілердің әсем биімен бастау алған салтанатты шара бүлдіршіндердің әуелете салған әндерімен жалғасын тапты. Сондай-ақ шара барысында жаңа білім ордасының шәкірттері соққан қоңырау үні де естілді.
Екі қабатты ғимаратта орналасқан мектептің сыйымдылығы – 500 орын. Бүгінде мұнда 1-4 сынып оқитын 48 оқушы қабылданған. Балалардың жайлы білім алуына толық жағдай жасалған жаңа мектеп оқу кабинеттері, компьютер сыныбы, спорт залы, мәжіліс залы, асхана, кітапхана, шеберханамен толығымен қамтамасыз етілген.
Кәсіпкер Нұржан Байназаров құрылтайшылық ететін гимназияда қазіргі таңда 9 мұғалім еңбек етуде. Алдағы уақытта олардың санын арттыру көзделуде екен.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.