Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жазасын өтеушілерге барлық көмек көрсетілуде

0 581

Бүгінгі таңда қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлерімен айналысатын пробация қызметіне көп жау- апкершілік жүктелген. Осы тұрғыда Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Тараз қалалық №1 пробация қызметі көптеген жұмыстар атқарып келе жатыр.

Айталық, ҚР ІІМ бұйрығын орындау мақсатында ағымдағы жылдың 15-22 мамыры аралығында Жамбыл облысы аумағында «Подучетник» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Шара аясында атқарылатын жұмыс жоспары құрылып, сол бойынша Тараз қалалық №1 пробация қызметі есебіндегі қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталғандар тарапынан жасалатын қайталама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін жергілікті учаскелік полиция қызмет-керлерімен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрғандардың тұрғылықты мекенжайларын түнгі уақытта тексеріп, профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Жүргізілген профилактикалық іс-шараларға құлақ аспай, жаза өтеу тәртібін жүйелі түрде, қасақана бұзған сотталғандарға қатысты Тараз қалалық №2 сотына бас бостандығынан шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына алмастыру жөнінде ұсыныс жолданады. Есепте тұрған 281 сотталғанға тегін медициналық-психологиялық көмек көрсетілуде.
Үкімет қаулысын орындауда пробациялық қызметте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында туындап отырған түйінді мәселе – сотталғандарды жұмыспен қамту. Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыстар жалғасуда.

Ж.Нұрсейітова,
Тараз қалалық №1 пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.