Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жазасын өтеушілер қалай екпе алады?

0 512

– Әлемде коронавирус індетінің жаңа штаммы пайда болған күннен бастап ревакцинация науқанының алгоритмі бекітілген болатын. Бүгінде еліміздің бірқатар өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай күрделеніп отыр. Осы орайда «Жазасын өтеушілер қалай екпе алуда?» деген сауал мазалауда.

Арман Таңжарықов,
қала тұрғыны

– Жамбыл облыстық ҚАЖД ЖД 158/1 мекемесінде отырған сотталғандар мен тергеудегі азаматтарға коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация және ревакцинация жасау жүргізілуде. «Омикрон» штаммынан қорғану үшін ағзада жеткілікті мөлшерде антидене болуы керек. Коронавирустың жаңа штаммымен күресте ревакцинацияның рөлі зор. Вакцинацияның екі дозасын алған барлық адамдар 6 ай өткен соң қайта екпе алуда. Екі компонентті салдырған адамның ағзасында коронавирусқа қарсы антиденелер қалыптасады. Осылайша, вакцинаның толық курсынан өткен адамдарға QR-коды бар вакцинация куәлігі тағайындалады. Мекемеге сырттан келіп жатқан азаматтардың барлығы бетперде режимі мен арақашықтықты сақтай отырып, жаппай вакцина алуда. Екпе ерікті түрде салынады. Қылмыстық атқару жүйесінде қызмет атқаратын медицина қызметкерлерінің түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде қайта иммундау науқанынан бас тартқандар саны жоқтың қасы. Инфекциядан қорғану мақсатында басталған жұмыстар оң нәтижені көрсетіп отыр. «Садыхан» ЖШС медициналық орталығының қызметкерлері көмегімен бір күннің ішінде 90-ға жуық жазасын өтеуші отандық вакцинамен қайта вакциналанды. Індеттің өршуінің алдын алу үшін жаппай ревакцинациялау әлі де жалғасады.

Эльвира Ибрагимова,
медицина бөлімінің қызметкері

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.