Қалалық қоғамдық-саяси газет

10 мың доза «Sputnik Light» вакцинасы келді

0 453

Қазіргі таңда облыс «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты Тараз қаласында санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Статистикаға сүйенсек, жыл басынан Тараз қаласы бойынша COVID-19 індетін 1472 адам жұқтырған. Оның ішінде пневмонияның 9 жағдайы тіркелді. Қазіргі таңда 115 азамат инфекциялық стационарларда ем қабылдаса, 80 науқас сауығып шыққан. Бүгінгі күні қала бойынша 259 793 адам екпе алған. Сонымен қатар ревакцинация бойынша 69 137 адамнан 22401-і вакциналанды. Айта кетейік, қазіргі таңда қалада 14 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр. Жамбыл облысына «Sputnik Light» вакцинасының 10 000 дозасы келді. Апта басынан бастап препарат медициналық ұйымдарға таратылады және барлық емханаларда халыққа қолжетімді болады. Вакцина коронавирустық инфекцияға қарсы екпенің толық курсынан кейін ревакцинация жүргізуге арналған. Ревакцинация вакцинацияның толық курсынан кейін алты айдан ерте жүргізілмейді. «Sputnik Light» – бұл векторлық вакцина, оның құрамы «Спутниктің» бірінші компонентіне ұқсас.

Екпемен қамту 100,5 пайызға орындалды

Коронавирустық инфекцияға қарсы егуге жататын 258 536 ересектердің 2021 жылдың 23 қаңтарына 259 746 тұлға 1-ші компонентімен (қамту 100,5 %), ал 218 650 тұлға 2-компонентімен қамтылды (84,6).
Олардың ішінде 12-17 жастағы 39 602 жасөспірімнен 12 833, 10 859 емізулі балалары бар аналардан 78, 2983 жүкті әйелден 546-сы екпе алғандар.
2021 жылдың 17 қарашасынан басталған ревакцинациядан өтетін 69 137 адамнан 25 026-сы өткен (36,2%).

Дезинфекция жұмыстары жалғасуда

Тараз қаласында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда. Бүгінде дезинфекциялық жұмыс- тар Б.Момышұлы, С.Сейфуллин, Т.Рысқұлов, Д.Қонаев көшелері мен Абай даңғылы бойындағы аялдамаларда жүргізілуде. Дезинфекциялық өңдеу үшін адамдар мен жануарларға ешқандай қауіп төндірмейтін 12 текше гиплохлорид сұйықтығы қолданылуда. Аталған шаралар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Зере ҚУАНЫШ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.