Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаз мезгіліндегі балалардың өрт қауіпсіздігі

0 520

Жазғы демалыс кезінде қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау демалысты қапаландырудан, ал ата-аналарға өз балаларын барынша потенциальды мәселелерден сақтауға көмектеседі.

Осыған байланысты Тараз қаласы ТЖБ қызметкерлері ата-аналарды қауіпсіздікке шақырады: өз балаларыңызға өте ұқыпты болыңыз, олардың уақыттарын қай жерде және немен айналысып жатқандығына көңіл бөліңіз. Балаңызбен қауіпсіздік ережелері жөнінде сұхбат өткізіп, ескертулер жасаңыз.
Өкінішке орай балалардың тентектігінен болатын өрттердің себептері балаларды қараусыз қалдырудың салдарынан болып отыр. Мүмкіндік болса оларды қараусыз қалдырмаңыздар, балаңызға отпен ойнаудың қауіпті екенін ескертіңіз. Сіріңке – ойыншық емес, ал от – ойын ермек емес екендігін ұғындыруға тырысу. Бала өрттің адамдарға ауыр ауыртпалық әкелетіндігі жөнінде әсер алуы керек. Оттықты, сіріңкені көрінетін жерде қалдырмаңыздар, балаларға тұрмыстық электробұйымдарды дұрыс қолдануды үйретіңіз және оларды қолдану ережелерін түсіндіріңіздер. Оларды қараусыз қалдыруға және су қолымен ұстауға болмайтындығын айтыңыз. Розеткаға әр нәрселерді тығуға және розеткадан ашаны айырғанда тоқ сымынан тартпауды айту керек. Егерде ыстық оқшаулау түтін исі шықса барлық әлектробұйымдар мен жарықты өшіру керек, бөлмелерді тоқтан ажыратып, бұл жөнінде үлкендерге хабар беру керек. Ыстық электробұйымдардың үстіне су құюға болмайды. Оларға гүл өсіретін қыш құмыраның құмын шашқан жақсы.
Төтенше жағдайларда қандай дұрыс іс-әрекет жасау керектігін түсіндіріңіз. Көп жағдайда балаларда бейтарап-қорғаныс реакциясы іске қосылып оттан қашудың орнына олар бұрыштарға тығылып қалады. Ата-ана балаңыздың өз мекен-жайын білетіндігіне сенімді болыңыз.
Жаздың ыстық күндері балалар теңіздегі суға малынып шығуға әуес екендігі белгілі. Оларға үлкендердің қадағалауынсыз суға түсу өте қауіпті екендігін түсіндіріңіз.
Өз балаларыңызға төтенше жағдайлар ережелері тәртібін үйретіңіз және олардың дайындығын тексеріп тұрыңыз. Өзіңіз де қауіпсіздік ережелерін мүлтіксіз орындаңыз. Өз баларыңызға үлгі болыңыз.
Өз балаңыздың өміріне тек қана өзіңіз жауапты екендігіңізді есіңізге сақтаңыз!

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.