Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстаннан дизель мен бензин шығаруға тағы 6 айға тыйым салынды

0 223

Бензин мен дизель отынын ел аумағынан шығаруға қатысты салынған тыйым тағы да алты айға созылды. Шектеу 12 шілде күні күшіне енеді. Бірнеше министрліктің бірлескен бұйрығы «Ашық» нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Құжатқа сәйкес мұнай өнімдерінің кейбір түрлері мен жанар-жағармайды кез келген автотранспорт көмегімен шекара асыруға шектеу салынды. Яғни жүргізушілер көлігіне тек багына сыятын бензинді ғана құя алады. Сондай-ақ жанар-жағармайды сыйымдылығы 20 литрден аспайтын арнайы құтыға құйып алуға мүмкіндігі бар. Мұның бәрін тиісті өкілеттіліктері аясында мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі қадағалайды.

Ал полицейлер тыйым талаптарының бұзылмауын бақылауға алады. Айта кетейік, бұған дейінгі шектеу 21 қарашада күшіне еніп, 21 мамырда аяқталған еді. Сол кезде энергетика министрі Болат Ақшолақов мораторий тағы 6 айға созылатынын айтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.