Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастардың бойында Отанға деген махаббат бар ма?

0 602

Ел ертеңі-жастар, бар үміт жастардың қолында. Кезінде елі үшін, жері үшін күрескен жандар қаншама. Солардың арқасында осындай тату-тәтті, бейбіт елде өмір сүріп келе жатырмыз. Ал қазіргі жастар келешек ұрпақ үшін не істей алады? Келешек ұрпақ бойында Отанға деген махаббат бар ма?
Қазіргі таңда өз елі үшін көптеген жандар тәуекел ете алмайды десек қателесеміз, көпке топырақ шашуға болмайды. Алайда бойында патриоттық сезімді сезінбейтін, Отан болашағы қандай боларында уайымы жоқ жастар да бар. Өкініштісі, көп азамат өзінің Отан алдындағы жауапкершілігін сезінбейді. Ең алдымен кез келген азамат бойында патриоттық сезім мен Отанға деген махаббат жоғары болуы керек. Әрбір адам өз Отанының мүддесін қорғауда азаматтық борыштары мен конституциялық міндеттерін атқаруға әрқашан дайын болуы тиіс. Отанға деген құрмет ана құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл санаға біртіндеп қалыптасып орнығатын психологиялық құбылыс. Сол себепті, өсіп келе жатқан баланың бойына патриоттық сезімді орнату, мектеп кезінен алған білімдері өте маңызды. Әр азамат Отанның қадір-қасиетін, басынан өткен қиындықтарын көз алдынан өткізіп, жанымен сезіне алғанда ғана патриоттық сезім ұялап, «Бұл менің Отаным» деп мақтан тұта алатын болады. Білім беру мекемелерінде оқушыларға ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру мақсатында әдістемелік технологиялық элементтерін қолдана отырып сабақ өту керек.
Кеудесінде менің Отаным, менің жерім деп ұран еткен азамат өз елінің шынайы патриоты. Қазіргі қазақ жастары болашақ өздерінің қолында екенін түсінсе деймін. Жас ұрпаққа ой салып, үлгі көрсетіп, қоғамға қажет отансүйгіш патриот етіп өсірсек, келешек ұрпаққа алаңдайтын еш себеп жоқ. Шын патриот елінің дамуы мен көркеюі үшін барынша тырысып, елге қызмет ететін болады.
Қазақстан – мақтанышымыз! Қазақстан – біздің Отанымыз! Отанымыздың дамуы үшін бәріміз бірге үлес қосайық!

Альмира Керімбаева,
№16 мектеп оқушысы,
Тараз қаласы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.