Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар Түркияға гуманитарлық көмек жіберді

0 561

Түркиядағы жойқын зілзалаға байланысты әлем елдері көмек қолын созуда. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Бұл игі істен жамбылдық жастар да шет қалмады. Айталық, облыс аумағында 8 ақпаннан бастап «AULIEATA JASTARY» штабы құрылды. Штабқа қала тұрғындары мен волонтерлар жылы киімдер, азық-түліктер мен түрлі гигиеналық заттарды жеткізді.
Келген заттар сұрыпталып, 21 жүк көлігіне тиеліп, кеше Алматы қаласына жіберілді. Одан әрі қарай бұл көмек Түркияға жөнелтіледі.

«JT-ақпарат»

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.