Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар форумы өтті

0 618

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері – кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқа да шаралар қолданылуда. Еліміз тәуелсіздік алған мезеттен бастап сыбайлас жемқорлық сияқты қылмыстарға қатаң шаралар қабылдана бастады.


Бүгінде бүкіл адамзаттың назарын қауіпті дертке айналған жемқорлыққа аударып, қоғам болып оған қарсы ымырасыз күресуге шақыру күн талабы болып отыр.
Осыған орай аудандық «Жастар ресурстық орталығында» «Сыбайлас жемқорлықтан бас тарту – тұрақтылық пен дамудың кепілі» атты форум өтті.
Жастар арасында өткізілген форумда алғашқы сөз кезегі ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті превенция басқарма басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаевқа берілді. Одан соң көпшілік назарына аудандық мәдениет үйі қызметкерлері әзірлеген «Жемқорлар асы» қойылымы ұсынылды.
Ой салар қойылымнан кейін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Махпал Досымбекова: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табанды да нәтижелі іс-қимыл жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отырғаны жасырын емес. Жемқорлық мемлекет пен қоғамның дамуын тежейтін, болашағымызға кесірін тигізетін індет екенін сан мәрте қайталап айтып жүрміз, қауіпті құбылыспен күресті де күшейттік. Бұл ретте, әрине, халықтың құқықтық сауатын арттыру, қоғамның барлық күшін біріктіру, осы дерттің таралмауы үшін оған бөгет қоюдың тиімді амалдарын қолдану үлкен маңызға ие. Түпкі мақсат – сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру», – деп қатерлі дертпен күрестің тоқтамайтынын айтты.
Одан соң «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының директоры, құрметті мемлекеттік қызметкерлер арасынан құрылған спикерлер пулының жетекшісі Қасымхан Төлендиев жаһанды жаулаған қауіпті дерт пен онымен күреске тоқталды
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сайлауалды бағдарламасының «Әділдік» тұғырнамасын қолдау мақсатында 2020 жылы 18 қарашада «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап «Әділдік жолы» өз қызметін кеңейтіп, еліміздің барлықөңіріненфилиалдарынашып, белсенді жұмыс атқаруда. «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Назима Жувандикова қоғамдық бірлестіктің жұмысы жайлы тарқата түсіндірді.
Жастар арасында өткізілген форумның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды қоғам өкілдері, жастармен бірлесіп жыл бойында нәтижелі жұмыстар атқару және алдағы уақытқа жұмысты жүйелеу.
Басқосуда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асырылуына және қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын нығайтуға елеулі үлесін қосқан қоғам белсенділері мен жастар марапатталды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының Алғыс хатымен білім саласында ұйымдастырылған «Білім саласының үздік маманы» номинациясының жеңімпазы, Айшабибі орта мектебінің директоры Бахыт Шертаева, денсаулық сақтау саласында ұйымдастырылған «Үздік дәрігер» номинациясының жеңімпазы, аудандық орталық аурухананың хирург дәрігері Ержан Төлебеков, «Үздік волонтер» байқауының жеңімпаздары, «Пифагор» жас математиктер орталығының жетекшісі Қазына Яхудаева, «Футбол» жас спортшылар үйірмесінің жетекшісі Болат Сегізбаев, студенттер арасында ұйымдастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша «Үздік жоба» байқауының жеңімпазы Айдос Төрехан, бұқаралық ақпарат құралдарында адалдық, парасаттылық, сенім тақырыбында үздік материалдар жариялап жүрген аудандық «Шұғыла-Радуга» газетінің тілшісі Ақжігіт Жетпісбай, еңбек адамы, қызметіне адал, ауылдастарына сыйлы «Нағыз еңбек адамы» номинациясының жеңімпазы, Қаракемер ауылдық округінің тұрғыны Нұржан Қазақбаев, «Ең үздік жастармен жұмыс жөніндегі маман» номинациясының жеңімпазы Аяла Сәбденбекова марапатталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.