Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастар арасындағы пікірсайыс

0 391

Дүниежүзілік сайлау күніне орай Жамбыл облыстық және Тараз қалалық сайлау комиссияларының ұйымдастыруымен «Конституциялық құқық: таңдау және сайлау» тақырыбында пікірсайыс өтті.

Аталған шараға саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері мен мәслихаттың жас депутаттары, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының хатшысы Әбілхайыр Боранбаев ашып, бұл күннің маңыз- дылығына кеңінен тоқталды.
– Дүниежүзілік сайлау күні жыл сайын ақпан айында атап өтіледі, өйткені Халықаралық сайлау туралы келісімдерге ақпан айының басында қол қойылды. Бұл күнді атап өту дәстүрі 2005 жылы Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдас- тырушылар қауымдастығының (ЕЕСҰҚ) бастамасымен басталды және оны Біріккен Ұлттар Ұйымы қолдады.
Дүниежүзілік сайлау күнін құра отырып, ұйымдастырушылар азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету және сайлау процестерін жетілдіру мәселесіне адамдардың назарын аударуға тырысты. Бұл күннің мақсаты – демократиялық сайлау- дың маңыздылығын еске салу, сайлаушылардың белсенділігін арттыру, – деді Әбілхайыр Асқарұлы.
Келесі кезекте пікірсайысшылар тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, сөз қозғады.
Сайыс соңында қазылар алқасының ұйғарымымен үздік атанған қатысушыларға Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының Алғыс хаты табыс етілді.
Дүниежүзілік сайлау күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар дәстүрлі түрде алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Нұргүл Оразбек

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.