Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жастарға жан-жақты қолдау көрсетіледі

0 524

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаевтың қатысуымен облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Әуелі сөз алған облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар 2021-2025 жылдарға арналған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасының орындалуы жөнінде баяндады.
– Облысымызда 258 мыңнан астам жас бар. Олар облыс халқының 22,4 пайызын құрайды. Ал Жастар ресурстық орталықтарында жалпы саны 415 маман қызмет атқарса, оның ішінде 328 маман жастармен етене жұмыс істеуде. Былтыр жастарды баспанамен қамту мақсатында «Әулиеата жастары» тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Бүгінге дейін 38 қатысушының өтінімі мақұлданып, 28-і баспаналы болды. Ал 10 үміткер қазіргі таңда өздеріне қажетті тұрғын үйді іздестіріп жатса, 6 қатысушы банктің іріктеуінен өтуде. Биыл баспанамен қамтылатын жастардың санын арттыру мақсатында облыс әкімінің қолдауымен жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңге қаражат бөлінді, – деді басқарма басшысы.
Келесі кезекте «Жайдарлы» жастар КВН лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Еламан Юсуп өткен жылы атқарылған жұмыс- тарға кеңінен тоқталса, «Жамбыл облыстық еріктілер қозғалысы» қоғамдық қорының президенті Динара Берекеева жастар арасындағы волонтерлік қызметті дамыту жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.
Жиын барысында өзге де жастар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.