Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жас жігіт зейнеткер әйелді автобустың астына итеріп жіберді (видео)

0 1  405

Мәскеуде жас жігіт егде жастағы әйелді соққыға жығып, артынша автобус астына итеріп жіберді. Оқиға Киевский вокзалы маңында болған, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

27 жастағы жігіт пен зейнет жасындағы әйел кісі сөзге келмей қалған. Ашулы жігіт әйелді ұрып, тепкінің астына алған. Әйел жүріп бара жатқан автобустың астына түсіп кетеді. Нәтижесінде, ол көз жұмған.

“Автобус көлігінің бейне камерасына әйелді тепкілеп жатқан жігіттің қылығы анық түсіп қалған. Ол қазір жасаған қылмысын мойындады”, – дейді тергеу комитеті басшысының орынбасары Юлия Иванова.

Қазіргі таңда жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.