Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Ота жасалды»: Есік қаласында 4 жасар қызды туысы зорлаған

0 4  760

Алматы облысы Есік қаласында 4 жасар қыз зорланды. Қайғылы оқиға туралы құқық қорғаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Анасының туысы болса керек. Ол дүкенге шығып кеткен. Балаға шұғыл түрде ота жасалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тыйым салу бойынша заңдардың болмауы қоғамның деградациясына және азғындыққа әкеледі», – деді Таңсәрі.

Бұл ретте Алматы облысының Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, зорлау дерегін растады. Ол 13 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданында тіркелген.

«Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен Қызылорда облысының 43 жастағы тумасы ұсталып, қазір қамауда отыр. Болжам бойынша, күдікті ер адам соңғы бірнеше күн бойы жәбірленушінің отбасында қонып, мас күйде болған», – деді полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы облыстық полиция басшылығының ерекше бақылауына алынған. Бала қазір дәрігерлер бақылауында.

Полицейлер мәліметінше, жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандарды зорлаудың 10 дерегі тіркелген. Күдіктілердің көпшілігі – таныстар ортасынан. Зардап шеккендердің жасы 3 пен 17 жас аралығында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.