Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Театр және кітап» жобасының «Ертегілер еліне саяхат» тақырыбы аясында ауқымды шара өтті.
Оқырмандардың кітапқа қызығушылығын әдеби шығармалардан театрландырылған көріністер қою арқылы арттыру мақсатында өткен әдеби-мәдени кеште ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен 4D көріністер көрсетілді.
Шарада «Тоқты мен Серке» мультсериалының кейіпкерлері жас оқырмандармен бірге «Ақшақар мен жеті ергежейлі», «Шрек», «Су асты патшалығы» мультфильимдеріне бірге саяхат жасады.
Сонымен қатар балаларға арналған түрлі ертегі кітаптары мен заманауи 3D, 4D және ашылмалы, сөйлейтін кітаптарға шолу жасалды.