Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әр жобаға жанашырлықпен қарау қажет

0 175

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте шаһар бойынша түрлі саладағы жобалардың әзірленуі мен орындалу барысы қаралды. Қала әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Жандос Ордабаевтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі таңда шаһарда 179,1 млрд теңгеге 111 жоба әзірленіп жатыр екен. Оның ішінде 47,2 миллиард теңгенің 76 жобасы жүзеге асуда.

– Жобаларды талдау барысында құрылысы келесі жылға өтпелі – 60, құрылысы биыл аяқталуы жоспарланған 16 және 2025 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін қаржыландыруды қажет ететін 34 нысан анықталып отыр. Сонымен қатар 1 жобаның сараптама мерзімінің өтуіне байланысты өзектілігін жоғалтқан. Құрылысы аяқталатын және өтпелі нысандар бойынша жоғары және жергілікті бюджеттерден бастамасына және аяқтауға тиісті қаражаттар қарастырылып, жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде, – деген бөлім басшысы әр жоба бойынша жеке-жеке тоқталып өтті.
Баяндамашының айтуынша, жобалардың ішінде тиісті сараптама қорытындысы алынса да, әлі жоғары тұрған бюджетке өтінім ұсынылмағандары бар екен. Сондай-ақ сараптамасы кешіктіріліп жатқан жобалар да аз емес.
Орын алған олқылыққа қаныққан қала әкімі жауапты мамандардан түсініктеме алып, барлық қажетті құжатты уақытылы өткізуді тапсырды. Ең бастысы, әр бөлім басшысы өздеріне тиесілі жобаға жанашырлықпен қарауы керегін қатаң ескертті.
Аппараттық кеңесте бөлімдердің әлеуметтік желідегі белсенділігі де қаралып, тиісті тапсырмалар жүктелді.

Саян ТІЛЕУЖАН

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.