Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жас дарындардың жарқын жеңісі

0 231

Жуырда Астана қаласында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурс өтті.

Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, сондай-ақ оларды ғарыштық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласындағы ғылыми-зерттеу қызметіне тартуды мақсат еткен білім бәйгесі ғарыштық техника және инфрақұрылым, ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу, күн жүйесі және ғарыш физикасы және биология және ғарыштық медицина бағыттары бойынша ұйымдастырылды.
Сайысқа Тараз қаласынан 7 оқушы қатысып, барлығы жүлделі орындарды еншіледі. Атап айтсақ, дарынды балаларға арналған мамандандырылған ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушылары – Ақәділ Абдуманап, Эмили Хусаинова, Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары – Арнұр Болатбек пен Ерасыл Әбдіқадір ІІ дәрежелі диплом және күміс медальді еншіледі. Сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары – Нұрдәулет Тәңірберді, Заңғар Сайлау және Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Алтынай Темірланқызы ІІІ дәрежелі диплом мен қола жүлдеге қол жеткізді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.