Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Тұрғын үй сертификаттары қалай беріледі?

0 111

«Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 20.06.2019 жылғы №417 бұйрығының (бұдан әрі – Қағида) негізінде тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламадан емесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасында көзделген тәртіппен тұрғын үй сатып алған кезде өтініш берушілерге беріледі.

Қағиданың 1-тарауының 3-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мемлекеттік тұрғын үй құрылысы Бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің саны.
Табысы төмен отбасылар үшін әкімдік тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй сертификатын ұсынады. Сертификат Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда берілуі мүмкін. Тұрғын үй сертификаты ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін беріледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттары) тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшерімен тізбесін айқындайды.
Тұрғын үй сертификаттары келесі түрде берілуі мүмкін:
– әлеуметтік көмек;
– бюджеттік несие түріндегі әлеуметтік қолдау.
Жамбыл облысы мәслихатының шешімімен, тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі:
1) Мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
2) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалармен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын ҚР азаматтары;
3) Толық емес отбасылар;
4) 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар;
5) Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Қазақстан Республикасының барлық азаматтары үшін, «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік қызметі KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Ол үшін, қызмет алушы KEZEKTE.KZ ақпараттық жүйесімен көзделген AMANAT тетікшесі арқылы өзінің электронды цифрлық қолтаңбасымен тіркеліп, өзінің іріктеуден өту туралы хабарламамен, еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызмет бойынша соңғы 6 (алты) айдағы табыстары туралы анықтамалар мен (отбасының барлық мүшелеріне (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларға)) және жұмыс орнынан анықтамаларын тіркеп, өтінім білдіруге тиіс.
Веб-портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты қызметкері:
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен және ақпараттық жүйеде тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің Санаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді;
2) 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушінің веб-порталдағы «Жеке кабинетіне» осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы шешімі бар, Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша түрін, сомасын немесе дәлелді бас тартуды көрсете отырып хабарлама жібереді.

Нұржан НҰРАЛИЕВ,
Тараз қаласы әкімдігі тұрғын үй қатынастары
бөлімінің басшысы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.