Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

«Жас дәуреннің» жарқын жеңісі

0 260

Елдің келешегі кемел болуы жастардың белсенді, білікті, білімді болуына тікелей байланысты. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат. Ал олардың бәсекеге қабілетті болып қалыптасуы үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып келеді.

Жан-жақты қолдаудың нәтижесінде өнер мен білім белесін бағындырып жүрген өрендердің қатары жыл санап артып келеді. Олардың қатарында жамбылдық жеткіншектер де жетерлік.
Соның бір дәлелі – 27 ақпан мен 3 наурыз аралығында Татарстан Республикасы, Қазан қаласында өткен XI Халықаралық «Зажги свою звезду» хореографиялық байқау-фестивалінде Тараз қаласындағы Оқушылар сарайының үлгілі «Жас дәурен» балалар хореографиялық ансамблі жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтсақ, олар «Ұлттық би» номинациясы бойынша – І орынға, «Заманауи би» номинациясы бойынша ІІІ орынға қол жеткізді.
Осы ретте «Жас дәурен» би ұжымын жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз!

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.