Қалалық қоғамдық-саяси газет

Сайлау өткізу мәселелері талқыланды

0 447

Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Тараз қаласы Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қалалық аумақтық және округтік, учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг өтті.

Сайлау заңнамасының негіздерін және оны сайлау процесінде қолдану практикасын түсіндіру және комиссия мүшелерінің кәсіби құзыреттерінің деңгейін арттыру мақсатында өткен жиынға жергілікті атқарушы органдар мен саяси партиялардың, баспасөз ақпарат құралдарының өкілдері және округтік, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшылары қатысты.
Семинар барысында Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы тарапынан сайлаушылар тізімін қалыптастыру және «iKomekshi» сайлаушылар ақпараттық жүйесінің жұмысы жайлы ақпараттар беріліп, Байзақ және Жамбыл аудандарынан қала аумағына қосылған елді мекендерде орналасқан сайлау учаскелерін қабылдау жұмыстарының барысы туралы да айтылды.
Округтік, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері дәріскерлерге сайлау науқанында орын алатын жағдайларға байланысты бірқатар сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

Жұмаш ЖОЛБОЛДЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.