Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жарылыстан зардап шеккен өрт сөндірушілер ауруханадан шықты

0 458

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шегіп, емделіп шыққан өрт сөндірушілер ауруханадан шықты.

№ 2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Рустам Ертаевтың аяғы бірнеше жерден сынған. Дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалап, үйіне емделуге жіберді.

«Алда не боларын уақыт көрсетер. Мен бұл жұмысты тастаймын деп айта алмаймын. Жұмыс бабы осындай. Алла сақтар. Егер денсаулығым мүмкіндік берсе, одан әрі де жұмысымды жалғастырамын. Дәрігерлер жазылып келе жатқанымды айтты. Бірақ толық жазылып шығуға 4-5 ай уақыт қажет. Менің аяғыма металл салынған. Дәрігерлер аяғымды солай жинады. Жарылыс болады деп ойламадық. Ешкім бұлай болады деп күткен жоқ», – деді Ертаев.

Ауруханадан шығарылған тағы бір өрт сөндіруші – Жангелді Райымбердінің жарылыс кезінде құлақ пердесі тесілген. Ол журналистерге жағдайы жақсарғанын айтты. Жақын арада туыстарынан айырылған отбасыларына көңіл айтып шығатынын айтады.

«Әрі қарай қызмет атқарамын. Өртті сөндіру – біздің міндетіміз», – деді ол.

Журналистер сюжетінің тағы бір кейіпкері – өрт сөндіруші Қанат Айтбаев. Ол кез келген қызметті соңына дейін жүргізу керек дейді. Үйінде оны балалары қарсы алды.

«Құдайға шүкір, бәрі жақсы. Үйге оралдым. Әрі қарай, жергілікті медициналық пунктте емделеміз. Дәрігерлер құлағым бір-екі айда қалпына келетінін айтты. Егер қалпына келмесе өз есебінен Алматыда ота жасайды. Мен өз мамандығымды әрі қарай жалғастырамын. Болашақта зейнетке лайықты шығуды армандаймын», – деді Қанат Айтбаев.

Өрт сөндірушінің анасы Қаракөз Мамырайымова баласының одан әрі жұмысын жалғастыруына қарсы. Оның айтуынша, Қанат – оның жалғыз баласы.

«Әрі қарай қалай болатыны түсініксіз. Әрине, мен ұлыма қорқамын. Біз оған үміт артамыз, ол үшін дұғадамыз. Оның аман қалғанына қуаныштымыз. Өсіп қалған балалары бар. Олар әкесі үшін уайымдап, түндерін жылаумен өткізді»,- деді анасы.

 

Tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.