Қалалық қоғамдық-саяси газет

Зульфия Габидуллина паралимпиада ойындарының финалына шықты

0 506

Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін мәнерде (S4) жүзу жарысында финалға шықты.

Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші орын алды. Бұл финалға шығуына мүмкіндік берді.

Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.

Еске салайық, Ғабидуллина 2016 жылғы Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын.

 

Tengrinews.kz

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.