№25 бірмандаттық сайлау округі бойынша Тараз қалалық мәслихатының
депутаттығына үміткер Байдәулет Садыровтың
сайлауалды бағдарламасы
Қымбатты қала тұрғындары!
Мен, Садыров Байдаулет Әбукәрімұлы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат ретінде сайлауға түсуге бел буып, тұрғындар өмірін жақсартуды, осы бағытта қызмет етуді мақсат тұтып отырмын.
Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы:
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы – ең өзекті салалардың бірі. Бұл саланың мәселелерін тізбектей келе, негізгілері ретінде тозығы жеткен және апатты тұрғын үйлердің көптігін, коммуналдық желілердің тозуын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қызметтердің қазіргі жағдайда жұмыс істеуге дайын болмауын негізгі проблемалар ретінде атап өтуге болады.
Жылдар бойы шешілмей жатқан сұрақтарды назарға алып, келесі жұмыстар атқарылады:
– монополист компаниялар бекіткен бағаны бақылау (жарық, жылу, су және т. б.);
– қаладағы таза ауызсу мәселесі, егер су санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келмесе, қызметтерге тарифті төмендетуді талап ету және монополисті жауапкершілікке тарту;
– қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды уақытылы шығару;
– қаланың автокөлік кәсіпорындарының тасымалдау шарттарын қайта қарау. Барлық автопарктер таңертеңнен кешке дейін барлық жолаушыларды көлікпен толық қамтамасыз етуге тиіс;
– иесіз жануарлар бойынша мәселені шешу, жағдай жыл сайын нашарлай түскенін бәріміз көріп жүрміз, егер шара қолданылмаса, азаматтарымызға, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларымызға қауіп төніп тұр;
– қаланы көгалдандыру, ағаш отырғызу, көшеттерді күтуді қарқынды жүргізу.
Әлеуметтік бағдарламалар:
– автокөліктердің дұрыс орналасу ережелерін ұстануда бақылауды күшейту және тыйым салу. Тротуарлар мен ойын алаңдары толығымен көліксіз болуы керек;
– балалар ойын алаңдары мен қала тұрғындарының демалыс орындарын абаттандыруға қаражатты ұлғайту;
– халықты жұмыспен қамту, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бюджеттің қосымша баптарын ынталандыру;
– бюджет және демеушілік қаражат есебінен жұмыс істептұрған балалар мен жасөспірімдерді дамыту орталықтарын, спорт, музыка және өнер мектептерін қолдау және ашу.
Азаматтардың қауіпсіздігі:
– мөлтекаудандардағы полиция нарядтарының бақылауын күшейту және тәулік бойы патрульдеу;
– құқық бұзушылықтардың алдын алу, учаскелік инспекторлардың неғұрлым белсенді қызметі, қоғамдық тыныштық пен тәртіпті бұзатын азаматтарды қатаң бақылауға алу;
– тәртіпті бақылау камераларын орналастыру арқылы біз қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қала тұрғындарының әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі мәселелерді шешу үшін сайлауда бақ сынаймын.
Отан оттан да ыстық!
Жарқын болашақ жауапты істерді атқарумен келеді!