Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мекемеде Жаңару күні атап өтілді

0 628

Бүгін №59 мекемесінде «Наурызнама» онкүндігінің алтыншы күні ағаштар мен шыршалар отырғызуға арналды. 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін Жаңару күні тойлануда. Игі шараның мақсаты-мекеме ауласын көркейту, көгалдандыру жұмыстарын жандандыру арқылы табиғатты сақтау. Мекеме арулары онкүндікті ұлттық киімде ұлықтап, ағаш отырғызуда да көмектерін аямауда. Ауламыздың тал-терегін жайқалтып, гүлмен көмкерілген баққа айналдырып, қаламыздың ажарлы болуына үлес қосу кімнің болса да азаматтық парызы, олай болса мол сауапқа себеп болар бір тал ағаш отырғызуды келешек ұрпақ үшін жоспарлап мақсат етейік!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.