Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жантүршігерлік жол апатынан 55 адам қаза тапты

0 227

Мексиканың оңтүстігіндегі Чиапас штатында мигранттарды тасымалдаған жүк көлігінің апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар саны 55-ке жетті. Бұл туралы аймақ губернаторы Рутилио Эскандон Twitter-де жазды,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

 «Кешегі жол апатынан кейін, өкінішке орай, бүгін тағы бір адам көз жұмды, құрбандардың жалпы саны 55-ке жетті», – делінген жазбада. «Федералды үкіметпен бірге біз зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстарына олардың жалғыз емес екендігіне кепілдік береміз. Мен тиісті көмек беру жайлы тапсырма бердім».

Жол апатынан 100-ден астам адам зардап шекті, олардың бірнешеуі әлі ауруханада жатыр.

Бейсенбі күні Орталық Американың бірнеше елінің тұрғындары болған тіркемесі бар жүк көлігі Чиапас астанасы Туктла Гутьерреске жақын жерде тірек қабырғаға соғылып, аударылып қалды. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, құқық қорғау органдары оны іздестіріп жатыр. Жол апатынан адамдардың қаза табуына байланысты аймақ прокуратурасы адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала мәлімет бойынша, Гватемала мен Гондурастан келген мигранттар АҚШ шекарасына жетпек болған. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор қаза тапқан шетелдіктердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Ол үшін аймаққа азаматтық қорғаныс күштерінің ұлттық үйлестірушісі Лаура Веласкес бастаған жұмыс тобы жіберілді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.