Қалалық қоғамдық-саяси газет

Вакцинаның екі дозасын алғандарға ақша төленеді

0 436

Украина президенті де вакцинаның қос дозасын алған әрбір азаматқа мың гривень төленетінін мәлімдеді,-деп хабарлайды “Jambyl-Taraz” ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ бұл елде COVID-ке қарсы екпе алмаған қызметкерді жұмыстан босатуға құқығы бар мемлекеттік мекемелердің саны артты.

 Украина кабинет министрлігінің Жарлығы бойынша әлеуметтік оңалту орталықтары, білім беру орындары, пошта, теміржол саласынының жұмысшылары міндетті түрде вакцина алуы тиіс. Өйтпеген күнде мемлекеттік мекеме басшысы немесе кәсіпорын жетекшісі қарамағындағы қызметкерін жұмыстан заң бойынша жалақысыз шеттете алады.

COVID-ке қарсы екпенің екі дозасын бүгінде Украинаның он млн тұрғыны алып үлгірген. Ал вакцина салдырмаған азаматтарды жұмыстан шеттетуге қатысты шешімге саяси сарапшылардың айтары бар. Олардың айтуынша, үкіметтің бұл қадамы кейбір талаптарға қарама-қайшы көрінеді.

Денсаулық сақтау министрлігі ковид вирусын жұқтырып, жедел түрде емханаға жеткізілгендердің 90 процентке жуығында вакцина болмаған, деп дабыл қағып жатыр. Бұл ретте халықты ынталандыру үшін Ел Президенті Владимир Зеленский Үкіметтен екпенің екі дозасын алған әр азаматқа 1000 гривень, яғни 16 мың 153 теңге бөлінетінін мәлімдеді. Бұл мақсатқа жыл аяғына дейін қазынадан 110 млн доллар бөлінеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.