Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер 3 күнде 4 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін анықтады

0 5  628

Жамбыл облысының аумағында жол жарақатының алдын алу және жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың 22-24 сәуірі аралығында «Қауіпсіз жол»жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Негізгі міндет жол қозғалысы ережелерін бұзудың, әсіресе жылдамдық режимін бұзудың және қарсы қозғалыс жолағына шығудың алдын алу болып табылады. Себебі, ЖКО-ның негізгі саны дәл осы жол қозғалысы ережелерін бұзу салдарынан орын алады. Қала сыртындағы трассаларда қалааралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүк техникасына және автокөлікке ерекше назар аударылды.

Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қоғамдық белсенділермен бірге рейдтерге шығып, полицейлердің жұмысын жан-жақты баяндап, тікелей эфирге шықты.

3 күннің қорытындысы бойынша облыс аумағында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 4000 астам дерегі анықталды. Тәртіп бұзушылардың жалпы санынан көлік жүргізу құқығынан 5 адам айырылса, мас күйінде 11 жүргізуші анықталды.
Сонымен қатар, көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 187 адам жауапкершілікке тартылды. 293 жүргізуші қауіпсіздік белдіктерін тақпаған, ал 18 жүргізуші жолдарда төтенше жағдайды тудырған.

Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз көлік құралын басқарған 180 жүргізуші анықталды. 304 жаяу жүргінші белгіленбеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Осы статистиканы зерттей келе, жол қозғалысы қатысушыларына жолдарда абай болуды, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескерткім келеді, өйткені Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігі осыған байланысты», – деді Жамбыл облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Полиция қызметкерлерімен небәрі 3 күннің ішінде 85 көлік айып тұраққа қойылды, оларды пайдалануға тыйым салынды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.