Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық 1300 сарбаз әскер қатарына шақырылады

0 451

Әскерге барып, Отан алдындағы міндетін абыроймен өтеу – әр ер азаматтың парызы. Күзгі әскерге шақыру маусымында облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы бірлесіп патриоттық акция ұйымдастырды.
«Жеңіс» саябағындағы «Даңқ» залында өткен акцияда облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Ғалымжан Тасжанов сөз сөйлеп, жас сарбаздардың Отан алдындағы міндетін абыроймен өтейтініне сенім білдірді.
–Құрметті жас сарбаздар! Сіздер біздің болашағымызсыздар. Бүгін «Даңқ» залында сіздерді салтанатты түрде шығарып салуға жиылдық. Ата-бабамыз осындай ұлан ғайыр атырапты бізге мирас етті. Сондықтан ҚР әр азаматы әскери Ант қабылдап, сол антына адал болуы тиіс. Сондықтан бүгін ауған соғысының, қарулы күштерінің ардагерлері де сіздерге арнайы келіп отыр,– деді Ғалымжан Тасжанов.
Акциға ауған, тәжік-ауған соғысының ардагерлері де қатысып, жас сарбаздарға тәрбиелік мәні жоғары өсиет айтты. Биыл күзгі шақыртуда әскер қатарына өңірден 1300 сарбаз қабылданады екен. Бүгінде ҰҚК шегара қызметінің қатарына сарбаздар жасақталған. Алдағы уақытта ҚР Қарулы күштері және Ұлттық ұлан сапына шақырту жүргізілмек.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.