Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тараздықтарға «түйнеме» қауіп төндіріп тұрған жоқ па?

0 198

Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында «Тараз қаласы аумағындағы Сібір жарасы ошағы көмбелері орналасқан мекен-жайларда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындалуы туралы» тақырыбында қалалық Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.
Басқосуға кеңес жанынан құрылған мониторингтік топ мүшелері, облыстық ветеринария басқармасының, прокуратураның мамандары мен баспасөз құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды кеңес төрағасы Сембек Сейдәзімов ашып, жүргізіп отырды.

– Қоғамдық кеңес жанынан құрылған мониторингтік топтың жүргізген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде бірқатар жайттар анықталды. Атап айтар болсақ, бүгінде Тәуке хан көшесінің бойына 1971 жылы сібір жарасы індетінен өлген 1 бас ірі қара малдың  өлексесі, Байзақ ауданының «Қызыл жұлдыз» елді мекенінің Тараз автобекетіне таяу аумақта 1958 жылы осы індеттен өлген 1 бас қойдың өлексесі көмілген індет ошақтары  орналасқан.
Халық арасында «түйнеме» деп аталатын бұл індет адам өміріне аса қауіпті, өлімге әкеп соғатын дерт болып саналады. XIX ғасырда Сібір аймағында он мыңдаған мал мен мыңдаған адамның қырылуының себебінен «Сібір жарасы» індеті пайда болған. Бұл кеселдің қоздырғышы «сібір жарасының таяқшасынан» шыққан. Бұл індет адамдарға сібір жарасымен ауырған малды сою, терісін сыпырып, етін жіліктеу, тамаққа пайдалану, жүнін өңдеу кезінде жұғуы мүмкін.
Жоғарыдағы аталған сібір жарасының көмінділері аса қауіпті аурулардан өлген ауыл шаруашылығы жануарларының өлекселерін тастауға арналған орын болғандықтан, олар арнайы есепке алынған.   Өкінішке орай, аталмыш нысандар орналасқан қауіптілігі жағынан I сыныпты санитариялық-қорғаныс аймаққа жататын, жоғарыда аталған екі індет ошағының төңірегінде қалыптасқан бүгінгі   санитариялық-эпидемиологиялық ахуалға   келсек,  «дабыл көтерерлік жағдай» деп айтуға толық негіз бар.
Мысалы, Тәуке хан көшесінің бойындағы 1971 жылы сібір жарасы індетінен өлген мал өлексесінің көміндісінің айналасынан санитариялық-эпидемиологиялық аймақ ретінде кезінде 0,7717 гектар жер телімі бөлінген. Осы аймақта түрлі індеттен қайтыс болған адамдардың зираттары  да орналасқан, – деген кеңес төрағасы бұл мәселеге дереу назар аударып, шешу жолдарын қажеттігін жеткізді.
Жиын барысында қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.