Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда жаңа әкім

0 228

Ауыл шаруашылығы экс-министрі Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі қызметін атқарады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп жазылған хабарламада.

Ербол Қарашөкеев 1976 жылы 26 қарашада Алматы облысында туған.

1997 жылы – әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.

1999 жылы – Заманауи гуманитарлық институтты тәмамдаған.

Еңбек жолы:

  • 1998-1999 жылдары – Статистика агенттігінің сараптама және жағдаяттық зерттеулер басқармасының бас маманы.
  • 1999-2001 жылдары – Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі консультанты.
  • 2002-2003 жж. – қаржы директоры, Ақтөбе қаласындағы филалдың директоры, «Медикус Центр» ЖШС БК-ның батыс өңірі бойынша директоры.
  • 2003-2006 жылдары – Қаржы департаментінің директоры – «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ басқарма мүшесі.
  • 2006-2007 жылдары – Қаржы министрлігінің жиынтық-сараптау департаменті директоры.
  • 2007 жылы – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» АҚ-ның басқарушы директоры.
  • 2007-2009 жылдары – «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ басқармасының төрағасы.
  • 2010-2012 жылдары – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті «Қаржылық құқық бұзушылықты зерттеу орталығы» РМК бас директоры.
  • 2012-2013 жылдары – «Мұнай-газ инжиниринг және ақпараттық технологиялары ҚБТУ институты» ЖШС бас директоры,  «Самрұк- Қазына» ҰӘҚ.
  • 2013-2016 жылдары – «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • 2016-2019 жылдары аралығында – Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
  • 2019 жылғы қаңтар-сәуір аралығы – Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасы.
  • 2019 жылғы 4 сәуір – «ҚазАгро»Холдинг» АҚ басқарама төрағасы.
  • 2021 жылғы наурыз-сәуір – Президент әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімі меңгерушісі орынбасары міндетін атқарушы.
  • 2021 жылғы 12 сәуірден бастап қаржы вице-министрі.
  • 2021 жылы 10 шілдеде Ауыл шаруашылығы вице-министрі – Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайындалды.
  • 2021 жылы 1 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі;
  • 2023 жылғы 4 сәуірде осы лауазымға қайта тағайындалды.
  • 2023 жылғы 4 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.