Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда Сенаторлар сайлауы өтті

0 475

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау өтті. Сайлау учаскелерінде дауыс беру Астана уақытымен 11:00-де басталды. Жамбыл облысында өзін-өзі ұсыну арқылы екі үміткер – Сәкен Арубаев пен Сұлтан Өсербаев болды. Еске салайық, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 29 қарашада басталып, 16 күнге созылды. «Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2022 жылғы 24 желтоқсанда сағат 18:00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеу тоқтатылды. 13 қаңтарда сағат 00:00-де кандидаттардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аяқталды. Осылайша, күнтізбелік жоспарға сәйкес, дауыс беру күнін ұйымдастыру мен өткізуге байланысты сайлау алдындағы барлық іс-шаралар аяқталды. Айтпақшы, Жамбыл облысы бойынша қала, аудан және облыс мәслихатының 204 депутатының ішінен 179 адам (88%) қатысып, өз дауыстарын берді. Дауыстарды санау қорытындысы бойынша Сәкен Арубаев 158 дауыс жинап, үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Оның қарсыласы Сұлтан Өсербаев 18 дауысқа ие болды, 2 бюллетень бүлінген, қалған бір бюллетеньде «Барлығына қарсы» дауыс берілген.

Дионисий ПЛЯШЕШНИК

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.