Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда 13 жайлы мектеп салынады

0 727

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Басқосуға «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов және мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жалпы облыста 2023-2025 жылдары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 9 500 оқушыға арналған 13 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде ағымдағы жылы құрылысы басталатын 8 білім ордасы 2024 жылы, қалған 5 мектеп 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Атап айтсақ, осы мерзім ішінде Тараз- да – 4, Байзақ ауданында – 2, Жамбылда – 1, Қордайда – 3, Меркі- де – 1, Шуда 2 жайлы оқу ордасы есігін айқара ашпақ.
Жайлы мектептер бірыңғай стандартқа сай болмақ. Соған орай «Samruk-Kazyna Construction» АҚ бірыңғай операторы 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000 және 2 500 орындық мектептердің үлгілік жобаларын әзірлеуде.
Жиын барысында мектептерге жер бөлу және инженерлік коммуникацияларды жүргізу, интернетпен қамтамасыз ету мәселелері де назардан тыс қалмады. Бұған арнайы тоқталған аймақ басшысы Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жаңа форматтағы мектептер қажетті оқу жабдықтарымен, түрлі пәндік кабинеттермен, бейнебақылау жүйелерімен толық қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Өз кезегінде Мәулен Айманбетов техникалық және авторлық қадағалау қызметінің тиімді жұмысының маңыздылығына ерекше екпін түсірді.
Жиын соңында жобаға жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Құрбанәлі Аманкелдіұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.