Қалалық қоғамдық-саяси газет

Су жүйелерін жөндеу жұмыстары сынға алынды

0 529

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте каналдар мен су қоймаларын жөндеу және оларға су толтыру және тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту жобасының орындалу барысы қаралды.

Алғашқы мәселе бойынша Шу-Талас бассейндік инспекциясының басшысы Гүлмира Имашева мен «Қазсушар» РМК Жамбыл облыстық филиалының директоры Ерлан Өтегенов, «Жамбыл су қоймаларының» бас- шысы Нарбай Ергебеков баяндама жасады.
Олардың айтуынша, бүгінге дейін Жамбыл облысындағы рес- публикалық меншіктегі су қоймаларында жиналған судың орташа көлемі 40-50 пайызды құрайды. Сонымен қатар тасқын суды қабылдауға толығымен дайын. Тағы бір айта кетерлігі, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалына қарасты су нысандарының жағдайы бірқалыпты және пайдалану ережелеріне сәйкес жұмыс істеуде екен.
Дегенмен аймақ басшысы су жүйелері мен қоймаларын жөндеу, реттеу бойынша құрылыс жұмыстарының созылып жатқанын сынға алды.
– Жобалық-сметалық құжаттама жұмыстарын кешіктіріп отырсыз- дар. Қағаз жұмыстарын тезірек аяқтап, нақты істерге көшу керек. Себебі вегетациялық кезеңге толығымен дайын болуға тиіспіз, – деді Нұржан Молдиярұлы.
Облыс тұрғындарының тұрмыс- тық табысын жақсарту жобасының екінші кезеңі бойынша да аймақ басшысы сылбыр жұмыстарды сынға алып, бөлінген қаржыны қатысушыларға 1 наурызға дейін үлестіру қажеттігін баса айтты. Сондай-ақ облыс әкімі жобаға енген округтердегі әлеуметтік мәселелерді де қатар кешенді түрде шешуді тапсырып, жауаптыларға нақты міндеттер жүктеді.

Жұмаш Жолболды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.