Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының әкімі бөбектер үйінің бүлдіршіндерімен бірге ағаш екті

0 469

Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мересіне орай Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен ағаш егу рәсімі өтті. Тараз қаласындағы «ҮМІТ» мамандандырылған бөбектер үйінде өткен игі іске өңірдегі құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері, еріктілер де қатысты. Олар шараның тәрбиелік маңыздылығын атап өтіп, мерекенің негізгі мәні осындай ізгілікті әрекеттермен арта түсетінін жеткізді.
Қонақтар отырғызған жеміс және түрлі ағаштардың көшетіне бөбектер үйінің бүлдіршіндері су құйып, ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін танытты.
Аймақ басшысы балаларды әңгімеге тартып, Наурыз мерекесімен құттықтады.
Шара барысында журналистика саласының ардагері, облыстың Құрметті азаматы, жазушы, драматург Елен Әлімжан ақ батасын беріп, ұлыстың оң, ақтың мол болуын тіледі.
Қонақтар мен бөбектер үйінің бүлдіршіндері естелік суретке түсіп, қазақы үйде жайылған ақ дастарханнан дәм татты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Жамбыл облысында 17 миллионға жуық түп ағаш отырғызылады деп күтілуде. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары ормандарды молайту және өсіру туралы» кешенді жоспары бойынша жүзеге асады.
Жалпы, белгіленген бесжылдықта облыс аумағында 140,8 млн. дана ағаш көшеті отырғызылады деп көзделген. Аталған жоспар аясында 2021-2022 жылдары 35,1 млн. дана ағаш отырғызылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.