Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады

0 569

«Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және
Францияның Total Eren компаниясы
Қазақстанның оңтүстік-шығысында жел
паркін салады

Қазақстан Республикасының Энергетика
министрлігі мен Францияның Еуропа және
сыртқы істер министрлігі арасында Жамбыл
облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр
станциясын салу мәселелері туралы
Үкіметаралық келісімге қол қойылды. Қол
қою рәсіміне Мемлекет басшысы қатысты.

Жел электр станциясы 2026-2027 жылдары
пайдалануға беріледі, бұл біздің еліміздегі
ЖЭК нысандарының жиынтық энергия
өндірісін шамамен 50 пайызға арттырады.
Жобаның болжамды құны – 1,9 миллиард
доллар.

Қазақстанда алғаш рет жел электр станциясы
электр қуатын жинақтау жүйесімен
толықтырылады. Бұл жобаны бірегейлігін
көрсетеді. Аталған бастама жаңартылатын
энергия өндірісінің табиғи құбылмалылығын
реттеуге, артық электр энергиясын
жинақтауға және энергия желісінің
тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік
береді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.