Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының №25 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатын тіркеу туралы
№11 Қаулы
01 сәуір, 2024 жыл
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 9-тармақшасына және 46, 112-баптарына сәйкес, Тараз қалалық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Елдос Тұрсынбекұлы Далабай Тараз қалалық мәслихатының депутаты болып тіркелсін.
2. Елдос Тұрсынбекұлы Далабайға мәслихат депутатының куәлігі және белгіленген үлгідегі омырауға тағатын белгі берілсін.
3. Депутатты тіркеу туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Төраға Ж.Пәрімбеков
Хатшы А.Мұстафаева