Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңашылдық – заман талабы

0 220

Жуырда Талас ауданы, Қаратау қаласындағы Мектеп-Лицейінің директоры Запира Алпысбаева, ғылыми-әдістемелік орынбасары Гүлшат Асанова және биология пәнінің мұғалімі Индира Оразбаевадан құралған топ Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің біліктілікті арттыру орталығында білімдерін жетілдірді.

Курс теориялық және тәжірибелік бағыттарды қамтыды. Алғашқысында мектеп командасын құру, тиімді басқару және білім сапасын көтеру мәселелері айтылса, екінші бағыт бойынша команда мүшелері «5 сыныптың бастауыштан орта буынға бейімделуі» тақырыбында жоба жұмысын әзірледі. Аталған жобаның мақсаты – «Математика пәнін оқытуда бастауыш және негізгі орта білім деңгейлері сабақтастықтың төмендігі».
Айталық, жобаның мақсаты орындалып, ішінара нәтижелерге қол жеткізілді. Жоба жоспарында 5 «ә» сыныптың жетекшісі, математика пәнінің мұғалімі, жас маман Саулембай Бақтияр алынғандықтан бірнеше жас маман ерікті түрде жобаға қатысты. Соның нәтижесінде жобадан бөлек ішінара команда құрып, бір-бірлерімен тәжірибе алмасты. Осылайша жобада алға қойылған барлық міндеттер іске асырылд. Атап айтқанда, ұйымдастыруда команда құрылып, команда мүшелері рольдерге бөлініп, Kanban тақтасы дайындалды,  әдістемелік кеңес жиналысы өтіп, мектеп ұжымына жоба таныстырылды. Сондай-ақ осы бойынша ата-аналардан сауалнама алып, олардың тарапынан да жоба қолдау тапты. Бұл жобаны іске асыруда педагогикалық және мәдени ықпал жоғары болды. Яғни, сыныптың сапасы біршама көтеріліп, оқушылардың белсенділігі жоғарылады. Сонымен қатар команда мүшелерінің қызығушылығы, бір-біріне деген сенімі артты. Жобаны әзірлеуде, іске асыруда, бағалауда, рефлексия жасауда қатысушылар көптеген әдіс-тәсілдерді (коучинг, шебер сынып, байқау, көрсеткіш сабақтар, нәтиже сабақтар) жан-жақты меңгеріп, оқу сапасы мен мазмұны жақсарды. Болашақта жобаны жандандырып, бірнеше команда құру көзделуде.

Гүлшат Сембекқызы,
мектеп-лицей директорының
ғылыми-әдістемелік орынбасары

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.