Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жаңа табиғи аумақтар құрылады

0 1  598

Даласы малға, таулары аңға толған Әулиеата топырағы кім-кімге де қастерлі. Ақындардың жырына арқау болған аңыз өлкеде 10 ерекше қорғалатын табиғи аумақ жұмыс жасайды. Оның үшеуінде бүгінде жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жұмыстары жүргізілуде.

Яғни осы жерде «Меркі» жане «Бетпақдала» мемлекеттік өңірлік табиғи паркі мен жергілікті маңызы бар «Сұлутөр-Ботамойнақ» табиғи аумағы құрылмақ. Бұған қатысты арнайы қаулы да әзірленіп, ҚР Әділет министрлігіне жолданған. Аталған парктер құрылған жағдайда таудағы аңшылық шаруашылықтар өз жұмысын тоқтатып, ол жерде аң аулауға қатаң тыйым салынатын болады.
Қорыта айтқанда, табиғат – адамзаттың анасы, ал ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. Табиғаттың да тосын мінезі адамзатқа жеңіл болмасы белгілі. «Судың да сұрауы бар» демекші, табиғатты ластап, атылған аң мен құстың да құны заң аясында өтеледі. Таза ауа, ну орманы жоқ мекеннің қадірі де болмайтыны тағы бар. Себебі ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін берері де жоқ. Сондықтан табиғатты аялау баршамыздың парызымыз екенін ұмытпаған жөн.

Жұматай Көксубайұлы

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.